Атаулы әлеуметтік көмек

51
2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 380 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
2024 жылғы 1 қазанға 73,4 мың отбасындағы 389,1 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 55,9 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірдегі жағдайдан шығару.
АӘК мыналарды көздейді:
— табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% — нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
— табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК (5 538 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. 2024 жылғы 1 қазанға АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 120,4 мың балаға 4,2 млрд теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;
— жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажетіне қарай) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

Leave A Reply

Your email address will not be published.