Ата Заң күніне орай спорт түрлерінен жарыс өтті

27

Ата Заң күнін мерекелеуге арналған іс-шара аясында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №25 мекемесінде жазасын өтеушілердің арасында спорттың бірнеше түрінен жарыс ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты мен міндеті — бұқаралық спортты дамыту және насихаттау, жағымды имиджді нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, барлық дене шынықтырумен және спортпен белсенді айналысуға тарту болып табылады.

Шара соңында жеңімпаздарға сыйлықтар мен марапаттау қағаздары берілді. Аталған спорттық шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.