Астанадағы Ұлттық пантеонның атауын өзгерту жоспарлануда

147

Астанада орналасқан ұлттық пантеонның атауы өзгеруі мүмкін, деп хабарлады turkystan.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимовтың айтуынша, ұлттық пантеонның жобасы аяқталмаған. Құрылыстың екінші кезеңі келе жатыр.

«Пантеонның атауын өзгерту туралы ойланатын шығармыз. Қазақ тілінде бұл атау сәйкес келмейді. Бірақ бұл министрлікпен және әкімдікпен бірлесіп талқыланатын болады», – деді Каналимов.

Ол, сондай-ақ, элиталық зиратта санаулы орын қалғаны жайлы ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты. Екінші кезеңнің құрылысы аяқталғаннан кейін пантеонда 4 емес, 40 бос орын болады.

«Онда 40-тан астам орын бар. Бұл жеткілікті. Өйткені пантеон бойынша Үкіметтің қаулысымен бекітілген жеке ереже бар. Бұған қатысты шу көтерудің қажеті жоқ. Пантеондар басқа елдерде де бар. Бұл стандартты процедуралық дүниелер. Бұл мемлекеттік ауқымдағы мәселелер, өйткені бізде мұндай пантеондар бар, егер ТМД туралы айтатын болсақ, Мәскеуде, Бакуде және басқа мемлекеттерде бар», – деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, пантеон Астанаға жақын жерде орналасқан. Ол Қабанбай батыр кесенесі төңірегінде көрнекті мемлекет, ғылым, мәдениет қайраткерлерін, сондай-ақ Қазақстанның дамуына үлес қосқан тұлғаларды жерлеу үшін арнайы салынған.

https://turkystan.kz/article/231076-astanadagy-ulttyk-panteonnyn-atauyn-ozgertu-zhosparlanuda/

Leave A Reply

Your email address will not be published.