Астанадағы Бас мешітке жаңа атау берілді

73

Фото: ҚМДБ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы республикалық Бас мешітке «Нұрсұлтан мешіті» атауы берілгенін хабарлады.

Құрметті қауым! Осыған байланысты жаңа атау ресми қолданысқа енгізіледі. Республикалық Бас мешіт — елорданың ғана емес, барша Қазақстан мұсылман жамағатының ортақ рухани ордасы. Мешіт халық бірлігін нығайтуға, бейбітшілік пен келісімді дәріптеуге, ізгілік пен мейірімділік құндылықтарын насихаттауға, сондай-ақ имандылық пен адамгершілікке негізделген игі бастамаларды қолдауға қызмет етіп келеді, — делінген хабарламада.

Діни басқарманың мәліметінше, жаңа атаумен республикалық Бас мешіт алдағы уақытта да халқымыздың рухани өміріне қызмет етіп, қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтуға, дәстүрлі рухани құндылықтарды сақтауға және игі бастамаларды дамытуға үлес қоса береді.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/284057-astanadagy-bas-mesitke-nursultan-mesiti-atauy-berildi

Leave A Reply

Your email address will not be published.