Астанада такси жүргізушісі шетелдік азаматты әуежайдан қонақ үйге 45 мың теңгеге апарған ҚОҒАМ On Ноя 25, 2023 203 Бөлісу Полиция ер адамды ұстап алып, оған айыппұл салды. «Іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция департаментінің көліктегі қызметкерлері елорданың таксопарктерінің бірінің жүргізушісін ұстады, ол шетелдікті адлдап, халықаралық әуежайдан қонақ үйге бару бағасын әдейі көтерді», – делінген полиция хабарламасында. Такси жүргізушісі өз кінәсін мойындап, залалды толық көлемде өтеді. Құқық бұзушыға қатысты ӘҚБтК-нің 190-бабы бойынша «тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманы бұзу» бойынша әкімшілік хаттама жасалып, 10 АЕК (34 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ жеке таксопарктің атына осындай құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын жою туралы ұсыныс жіберілді. https://stan.kz/astanada-taksi-zhurgizushisi-sheteldik-azamatti-auezhay-391683/ 203 Бөлісу