Қорғаныс министрлігінде ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен Армения Республикасы қорғаныс ведомствосының басшысы Давид Тоноянның кездесуі болып өтті. Аталған шара Сыртқы істер министрлері Кеңесі, Қорғаныс министрлері Кеңесі және ҰҚШҰ-ға мүше елдердің Қауіпсіздік кеңес хатшыларының комитет отырысын ұйымдастыру аясында өткізілді.
Кездесу барысында тараптар ағымдағы мәселелер мен екі ел арасында қорғаныс саласындағы ынтымақтастық болашағын талқылады.