Аяз күшейіп, тұман түседі.
Синоптиктер алдағы үш күнге арналған Алматы мен Астанадағы ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Астанадағы ауа-райы
7 қарашада Астанада ауа-райы құбылмалы болады, қар жауады. Солтүстік пен солтүстік-батыстан секундына 9-14 метрге дейін жел соғады. Күндіз-түні 9-11 градус аяз болады.
8 желтоқсанда ауа-райы құбылмалы, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-батыстан секундына 3-8 метрге дейін жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 11-13 градус аяз болады.
9 желтоқсанда ауа-райы құбылмалы, жауын-шашынсыз болады. Түнде, таңда тұман түседі. Солтүстік-батыстан секундына 2-7 метрге дейін жел соғады. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 13-15 градус аяз болады.
Алматыдағы ауа-райы
7 желтоқсанда ауа-райы құбылмалы болады. Түнде аздаған қар жауады. Секундына 0-5 метрге дейін жел соғады. Түнде 2-4 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы болады.
8 желтоқсанда күн бұлтты болып, қар жауып, тұман түседі. Жол көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан секундына 2-7 метрге дейін жел соғады. Күндіз-түні 3-5 градус аяз болады.
9 желтоқсанда ауа-райы құбылмалы, түнде қар жауады. Тұман түсіп, жол көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метрге дейін жел соғады. Түнде 11-13 градус, күндіз 5-7 градус аяз болады.
фото: pixabay.com
https://turkystan.kz/article/252965-astana-men-almatyda-aldagy-ush-kunde-aua-raiy-kandai-bolady