Астана LED-экранындағы Украина туы: Ішкі істер министрлігі қылмыстық іс қозғады

21

 

Ішкі істер министрлігі «Керуен Медиа» ЖШС-не қатысты кешегі оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын бастады.

“Қазір болған оқиғаға техникалық ақаулар, компания жабдықтарының жұмысына заңсыз араласу ықтималдығы секілді түрлі нұсқалар қарастырылып жатыр. Қылмыстық іс қозғалды”, – деп мәлімдеді ведомство.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

“Заңсыз әрекеттері үшін кінәлі тұлғалар жауапқа тартылады”, – деп сендірді министрлік.



Еске салайық, Астанадағы LED-экранда Ресей туының орнына Украина туы көрсетілген еді.  

https://stan.kz/astana-led-ekranindagi-ukraina-tui-ishki-ister-ministrl-410318/

Leave A Reply

Your email address will not be published.