Асланбек Шымбергенов жарады

90
Иорданияның Амман қаласында бокстан өткен Азия чемпионатына әлемнің 15 мемлекетінен 300 боксшы  қатысты. Аталған додаға қатысқан еліміздің қыздар мен ерлер құрамасы 6 алтын, 7 күміс, 8 қола медальға қол жеткізді. Олардың арасында біздің жерлесіміз, Байзақ ауылының тумасы, команда капитаны Асланбек Шымбергенов барлық қарсыласын айқын басымдықпен  ұтып, алтыннан алқа тақты.
Бұған дейінде талай биікті бағындарып жүрген жерлесімізді жаңа жетістігімен құттықтап, алдағы Олимпиада, Әлем чемпионаттарында да топ жарып, аудан абыройын асқақтата беруіне тілектеспіз.

«Ауыл жаңалығы» — ақпарат

Leave A Reply

Your email address will not be published.