Әскерге шақырылғандардың несиелері кейінге шегеріле ме?

276
Әскерге шақырылған жастар мен олардың отбасына әлеуметтік қолдау көрсетілуі мүмкін. Қорғаныс министрлігі қолданыстағы заңнамаға өзгеріс енгізіп, қолдау көрсету туралы ұсыныс айтты.
«Әскери қызметшілердің мерзімді әскери борышын өтеу кезеңінде олардың отбасы мүшелеріне коммуналдық қызметке ақы төлеу бойынша жеңілдіктер беру ұсынылды», — делінген ақпаратта.
Сондай-ақ министрлік әскердегі қызмет кезінде қазақстандықтардың кредитін кейінге қалдыру туралы ұсыныс енгізді.
«Қорғаныс министрлігі ұсынып отырған мерзімді әскери қызмет кезеңінде кредитті кейінге қалдыру қазақстандықтар үшін қосымша қолдау болмақ. Әскери ведомство білім беру саласында да жеңілдіктер қарастыруды ұсынады», — деп хабарлады министрлік.
Айта кетері, сарбаздар борышын өтеген кезеңде экономиканың нақты секторында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарды меңгеру мәселесі де шешіліп жатыр. Мемлекет басшысы 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі жолдауында осындай тапсырма берген болатын.

sputnik.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.