Ашу-ыза мен надандықтың кесірінен адамдар өз өмірін құртады. Надандық деген сөз «білімнің жоқтығы» дегенді білдіреді.
Ашуланған адам өзіне таным-білімнің жабық ортасын пайда болдырады.
Себебі ашуланған кезде дененің барлық бұлшықеттері қатайып, тыныс алу жолдары тарылып, өкпелер оттегі жетіспеушілігіне ұшырап, тыныс алу жылдамдап, көп мөлшерде тыныс алу қажеттілігі туындайды.
Оттегінің бұл жетіспеушілігі миға әсер етіп, ойлауды тоқтатады. Ми алдымен оттегін алған жағдайда ғана жұмыс істейді.
Сондықтан жанжалдан кейін тынышталып, ес-ақылы дұрысталған кезде басына әдемі-әдемі сөздер кіріп келеді. Ал дәл ұрсысып, төбелесіп, ашуланған кезде бұл сөздердің кіріп келмеуі, ашу-ызаның надандығы мен ақымақтығы болмақ.
-Ашу адамды қалай улайды?
Ашуланған кезде дененің барлық бұлшық еттері қатаятындықтан, қуық зәрді ұстап, оны сыртқа шығармайды. Бұл несеп қышқылының қуық қабырғасынан өтіп, қанға енуіне әкеледі, осылайша қанды ластайды. Сонымен қатар іш қатады.
Ашуланған кезде жоғары психологиялық ауытқулар пайда болады, бездер шамадан тыс секреция шығарады.
Тек бауыр ғана қандағы секрецияны тазартатындықтан, ол мөлшерден артылып кеткен секрецияның көлемін көтере алмайды, бұл циррозға және бауыр ісігіне әкелудің бастамасы болуы мүмкін.
Ашушаң кісінің беті бірте-бірте сарғайып кетеді.
Себебі, тұрақты ашудың әсерінен зәр қышқылы тіптен қанның өзін бұлыңғыр сары түске айналдырып, ол бет жүзіңе әсер етеді.
Бұлшықеттің ширауы бірте-бірте бұлшықеттердің қаттаюын тудырып, асқазан кішірейіп, тамаққа тәбеті азайғандықтан асқазан ас нәрінің жетіспеушілігіне ұрынады.
Жиналған секрециялар қан ұйығыштары мен тромбтардың пайда болуына және инсульт қаупіне әкелуі мүмкін.
Ашуды кешірімнен гөрі күлкі мен қуаныш көбірек емдейді. Бауыр секрециясын тазартуды жеңе алмаған кезде, тек күлкі-қуаныш ғана бауырдың жұмысын қолдап, қанды тазартады.
Аудардым: А.Т