Ежелден елдік мұратты, ұлттық құндылықты ерекше дәріптеген халқымызда ғасырлар бойы кісіліктің көркем үлгілері қалыптасқан. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, қолда барын бір-бірімен бөлісіп, біріне-бірі қамқор, тілеулес болған ұлттың ұлылығы да осында.
Бүгінде ұлттың болмысындағы осы бір ерекше қасиет талас топырағында өз жалғасын табуда.
Аталған игілікті іс Талас ауданы, Көктал ауылында жалғасты. Тілеубаевтар отбасының шаңырағы толықтай күрделі жөндеуден өтіп пайдалануға берілді.
Аудан басшысы Нұрбол Жүнісбеков қоныс той иелерін арнайы құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
«Бірлікпен жасалған еңбек еленіп, тағы бір отбасының қуанышына куә болудамыз. Жақынына жанашырлықпен қараған қазақ халқы ынтымағым ырысын арттыратынын тағы бір рет көрсетіп отыр. Ең алдымен таудай талабымен тындырымды тірлік жасап, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созған жанашыр жандарға шексіз алғысымды білдіремін. Баршаңызға бақ-береке тілеймін!» — деді аудан басшысы.
Айта кетейік, Көкталдағы қуаныш Талас ауданында «Асарлатып үй салу» жобасы аясында жүзеге асқан 7-ші баспана. Бұған дейін Ойық ауылында шаңырақ қуанышы тойланған болатын.
Талас ауданы әкімдігі