АСА: ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚ САН СОҚТЫРМАСЫН

113

Соңғы телефонмен хабарласу арқылы жасалған алаяқтық қылмыстарының алдын алуға орай Жамбыл аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен қылмыстың әлеуметтік желілер арқылы жасалатын түрлері бойынша сақтану жолдары туралы қысқаша жадынамалар әзірленіп, адам көп шоғырланатын Аса аулында түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.

Шара барысында тұрғындарға алаяқтықтан сақ болудың қарапайым қауіпсіздік шаралары, яғни дербес деректерді, пластикалық карталардың мәліметтерін, кодтарды және құпия сөздерді ешкімге хабарламауға, белгісіз тексерілмеген сайттар арқылы төлемдер жүргізбеуге, күмәнді мәмілелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асырмауға, ұялы телефондар мен компьтерлерге белгісіз қосымшаларды орнатпауға, кез-келген сілтеме бойынша өтпеуге, спам хабарламаларға сенбеу жөнінде кеңінен түсіндірілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.