Арыс қаласының оқушысы әлемнің 21 университетінен шақырту алды

92

Басылымның жазуынша, мектеп оқушысы өткен жылдан бері ағылшын тілінен халықаралық емтихан тапсыруға дайындалған. Сонымен қатар ол 6-сыныптан бастап ағылшын тілін меңгерген. Осылайша, емтихан тапсыру кезінде жоғары балл жинаған Шапағат Сейілхан әлемнің 21 университетінен оқуға түсу бойынша шақырту алған.

«Мен екі университеттің бірін таңдағым келеді – Калифорния немесе Чикаго университеті. Өйткені, Чикаго университеті АҚШ-та ғана үздік емес, әлем бойынша озық», – дейді 11-сынып оқушысы.

Мектеп оқушысының пікірінше, оның шетелдік университетке түсуіне дұрыс жазылған мотивациялық хаты себін тигізген.

Шапағат Сейілхан халықаралық қатынастар факультетінде оқығысы келеді. Оқуын аяқтаған соң Қазақстанға оралуды жоспарлап отыр.

 

https://turkystan.kz/article/235794-arys-alasyny-o-ushysy-lemni-21-universitetinen-sha-yrtu-aldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.