Арубаевтың ардагерге құрметі

1 220

Қилы-қилы заман өтті. Соның бірі – екінші дүниежүзілік соғысы. Дүниені дүр сілкіндірген бұл соғыстың зардабы еліміздің талай отбасына қайғы-қасірет әкелгені ел есінде. Сол сұрапыл жылдар мәңгі ұмытылмайтын шығар.

Кәсіби журналист және ұлттық қауіпсіздік саласының ардагері Амантай Кәкеннің «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісіне берген сұхбатында:

– 1941-1945 жылдары соғысқа Кеңес Одағынан 34 млн 944 мың 100 адам қатысты…» деген мәлімет берген.

Сол миллиондардың бірі – 97 жастағы Айшабибі ауылының тұрғыны, аудандағы жалғыз ардагеріміз Қасен ата Шанбаевтың үйіне аудан әкімі Сәкен Арубаев пен аудандық мәслихаттың хатшысы Рүстем Бегалиев арнайы бас сұғып, сәлем бере кірген.

Сұрақ-жауап әңгіме барысында аудан басшысы Сәкен Қаланұлы:

– Ата, алдымызда үлкен мереке келе жатыр. Бұл күн – сіз және сіз секілді ардагерлердің кейінгі ұрпаққа сыйлаған жарқын күн, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы мерекесі. Біз бүгін сол мереке қарсаңында амандығыңызды біліп, сәлемдесуге арнайы келдік.

– Рахмет!

– Денсаулығыңыз қалай?

– Жақсы.

– Ата, қанша жасқа келдіңіз?

– 97.

– Мына кейінгі ұрпаққа не айтар едіңіз?

– Біздің көргенімізді жастарымыз көрмесін. Соғыс болмасын. Ауырмасын. Бақытты болсын!

Екеуара әңгіме осылай өрбіген. Ата қай жылы соғысқа аттанғанын, қай жылы соғыстан оралғанын, 3 ұл, 3 қыздан 16 немере, 35 шөбере, 3 шөпшек сүйіп отырғанын да айтып қалды.

Ардагер атамыздың көзі сыр беріп, құлағы сәл ауырлағаны болмаса, әлі де тың көрінді.

Аудан басшысымен бірге майдангер атаға сәлем беруге ауылдық округ әкімі Райымбек Сейітов, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Мадияр Сәмбетов, «Жастар ресурстық орталығының» директоры Маханбет Рахымжанов та келген.

Дүйсенбек Орманов

Жамбыл ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.