«Арқанға байлап, атпен сүйреген»: Жетісу облысында ер адам әйелін қатыгездікпен өлтріген

64

https://www.facebook.com/profile.php?id=100006800597841

https://turkystan.kz/article/264134-arqanga-bailap-atpen-suiregen-zetisu-oblysynda-er-adam-aielin-qatygezdikpen-oltrigen
Жетісу облысы Ақсу ауданы Баласаз ауылында 32 жастағы Айзат Жұманова ауыр дене жарақаттары салдарынан көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.

Halyqstan телеграм арнасының жазуынша, қазір аталған қылмысқа күдікті ретінде оның күйеуі Айбар Жанболат тергеліп жатыр.

Туыстарының сөзінше, ол әйелін аса қатыгездікпен, тіпті 2 жасар қыздарының көзінше сабаған. Олар Айзатты арқанға байлап, жылқымен далада сүйреткенін айтқан.

Медициналық сараптама ауыр жарақаттарды растады: бас-ми жарақаты, миының ісінуі, жамбас пен аяқ-қол, бас сүйегінің негізі сынып кеткен. Денесінде көптеген сырылған жерлер, байламдардың жыртылуы және қатты беткеймен сүйрелген іздер анықталған. Ерекше назар аудартатыны қолының білезік тұсында терісі тірідей сыдырылып кеткен.

Марқұмның туыстары Айзат қатігездікпен азапталғанына сенімді. Ал күдіктінің «әйелім екінші қабаттан селфи жасап жатқанда құлап кетті» деген уәжі шындыққа жанаспайды дейді.

Туыстарының айтуынша, Айзатты ауруханаға апармас бұрын оның денесі жуылып, киімі ауыстырылған. Киімінде қанның ізі болмаған. Бұл – қылмыстың ізін жасыруға әрекет деп есептейді жақындары.

22 маусым күні түнгі сағат 2:30 шамасында Айзаттың денесі Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханаға жеткізілген. Бірақ туыстарының айтуынша, ол кезде марқұм әлдеқашан қайтыс болған.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы, 3-бөлігі — «Абайсызда адам өліміне әкеліп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша іс қозғалды. Алайда марқұмның туыстары бұл бапты «ерекше қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру» деп қайта қарауды талап етіп отыр.

Қайғылы оқиғаның куәгері болған Айзаттың қызы ауыр психологиялық күйде. Туыстарының айтуынша, ол тіл қатпайды, қараңғыдан қорқады және үнемі анасын іздей береді.

Сондай-ақ күдіктінің осыған дейін Капал ауылының әкімі болуға үміткер екенін жариялағаны белгілі болды.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/264134-arqanga-bailap-atpen-suiregen-zetisu-oblysynda-er-adam-aielin-qatygezdikpen-oltrigen

Leave A Reply

Your email address will not be published.