Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде Жаңа жыл мерекесіне орай жазасын өтеушілер арасында спорттық іс-шара өтті.
Сотталғандардың бос уақытын тиімді пайдалану және олардың дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттыруды мақсат еткен шараның ашылуында мекеме бастығы, әділет подполковнигі Бекзат Ортаев пен мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұлов мерекелік құттықтау сөзін сөйледі.
Жарысқа қатысқан сотталғандар командалық арқан тартудан жарысты. Қатысушылар белсенділік танытып, өз командаларының жеңісі үшін бар күш-жігерлерін салды. Әрбір сайыс ерекше бәсекеге толы болып, жарыс барысындағы достық пен ынтымақтастық атмосферасы сезілді.
Жарыс нәтижесінде І орынды 2-жасақ, ІІ орынды 3-жасақ, ал ІІІ орынды 6-жасақ иеленді. Жеңімпаз және жүлдегер атанған командалар мекеме басшылығы тарапынан марапатталды. Мұндай шаралар сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастырумен қатар, олардың физикалық және психологиялық жағдайларын жақсартуға ықпал етеді.