Ардагерлер туралы жаңа заңнаманың мәтінімен толық танысып шықтым. 18 баптан құралатын бұл құжат жан-жақты қамтылған, ҰОС ардагерлерінен бастап Черноболь ардагерлеріне дейін қамтылып, олардың отбасы мүшелеріне де тиісті әлеуметтік көмектер мен жеңілдіктер қарастырылған. Әрине, мұндағы көңіл көншітетін нәрсе көптеген көмектердің көрсетілуі емес, ардагерге деген құрметте деп қабылдаймын. Тұрғынжайға мұқтаж ардагерлерге бірінші кезекте үй берілуі, коммуналдық тұрғын үйде тұратын ардагер қайтыс болып кеткен жағдайда оның отбасына сол үйді заңнама тәртібіне сәйкес оны өтеусіз жеке меншікке беруі үлкен жәрдем деп ойлаймын. Құжатта ҰОС қатысушылары мен оларға теңестірілген тұлғаларды көлік, мүлік салықтары, соттарда мемлекеттік баж төлеу және тағы басқа салықтардан, мемлекеттік баждардан босату және жеңілдіктер қарастырылған. Одан өзге де мәселелер қамтылған заңнама ардагерге деген құрметті білдірсе керек.
Жәнібек Майханов, ТИГУ Ардагерлер кеңесінің төрағасы