АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

100
Ұлы Жеңісті жақындатып, әлемге бейбіт өмір сыйлаған екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері қашанда құрметке лайық.
Осыған орай, бүгін облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек және ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрби Жігітеков Ұлы Отан соғысының ардагері Григорий Нещеретневтің үйіне барып, қарт жауынгерді мерекемен құттықтады.
Жүз бір жастағы соғыс және еңбек ардагері Григорий Владимирович өз кезегінде шексіз ризашылығын білдіріп, сұрапыл жылдардағы естеліктерімен бөлісті. Елдің амандығын, ұрпақтардың бейбіт күнде өмір сүруін тіледі.
Соғысқа дейін Луговой МТС-інде комбайыншы болып істеген Григорий Нещеретнев 1941 жылы әскерге алынып, майданда аға сержант, бөлімше командирі, батерея старшинасы болған. Ленинград қоршауын бұзуға, Новогород қаласын азат етуге қатысқан. Волхов майданында 501-ші миномет полкі құрамында шайқасқан.
Соғыстан кейін II-ші топтағы мүгедек екеніне қарамастан жүргізуші болып еңбек еткен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.