Әр кәсіпкерлік нысанның қоқыс тастайтын орны болуы керек

218

Бүгінде облыс орталығы – Тараз қаласының тазалығына айрықша мән берілуде. Осы мақсатта тұрғындарға түсіндірме жұмыстары да жүргізілуде.
Жалпы кез келген адам күл-қоқысты белгіленген орынға, талапқа сай тастауы тиіс. Бұл үшін тұрғындарға арнайы қоқыс алаңшасы мен қоқыс контейнерлері қарастырылған. Сонымен қатар, қаладағы кәсіпкерлік нысандар мен ірі сауда орталықтарының да өздеріне арналған қоқыс жәшіктері немесе арнайы орындары болуы керек. Дегенмен шаһардағы бірқатар сауда орындары бұл талаптың үдесінен шықпайтындығы анықталды.

Қала әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил бастаған арнайы топ шаһардағы бірқатар сауда орталықтары мен ірілі-ұсақты базарларға зерделеу жүргізді. Нәтижесінде, «Алатау» шағын ауданындағы «FIRKAN», «Мыңбұлақ» шағын ауданындағы «ЗАРИНА», «МЫҢБҰЛАҚ», «АЙРЫЛМАС» сауда орталықтарында арнайы қоқыс жәшігі қарастырылмағандығы белгілі болды.

Аталған сауда орталықтарына зерделеу тобы арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ескерту жасады.
Бұл бойынша тиісті жұмыстар қаланың барлық аумағында жалғасады

Leave A Reply

Your email address will not be published.