istockphoto.com
«Қазгидромет» РМК 23 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады turkystan.kz.
Ертең елімізде ауа райы тұрақсыз болады.
ҚР аумағының басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, атмосфералық фронттальды бөліктердің өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің батысында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі, қатты жел соғады деп күтіледі. Сондай-ақ республика бойынша ортақ табиғи құбылыс — желдің екпін алуы.
Күндіз Абай, Жетісу, Ұлытау, Алматы, Жамбыл облыстарында аптап ыстық сақталады, Павлодар, Қарағанды облыстарында қатты ыстық болады деп болжанады.
https://turkystan.kz/article/244948-aptap-ystyk-23-mausymga-arnalgan-aua-raiy-bolzhamy-zhariialandy