Бүгін Парламент Мәжілісінің ұйымдастыруымен «Астана арена» стадионында шағын футболдан БАҚ өкілдері арасында республикалық турнир басталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Осы орайда Парламент Мәжілісі Президенттің бастамаларына қолдау көрсетіп, бұқаралық спортты дамытуға үлес қосу үшін жаңа дәстүр қалыптастырып келеді.
«Мен бүгінгі жарысты достық, жолдастық кездесу дер едім. Өйткені, депутаттар мен журналистер тілектес, рухтас адамдар. Біздің тілегіміз де, ниетіміз де бір. Ол – халқымыздың игілігі, еліміздің болашағы. Осы жолда бірге жұмыла жұмыс істеп келеміз. Ал бүгінгі жарыс бізді біріктіреді, қанаттандырады», – деді А.Аймағамбетов.
Айта кету керек, бұл турнир былтыр алғаш рет ұйымдастырған болатын.
https://turkystan.kz/article/234204-zhurnalister-arasynda-sha-yn-futboldan-majilis-cup-2023-turniri-bastaldy