Жаны жайсаң Жаз-ата

ҚҰРМЕТТІ МОЙЫНҚҰМДЫҚТАР!
Елімізге есімі кеңінен танымал Мойынқұм ауданы қазіргі таңда да жаңаша қарқынмен дамып, биік белестерге қадам басып келеді. Мұндағы өндіріс ошақтарының мүміндіктері үлкен. Мұнда қонақжай, адал еңбек адамдары тұрады. Жазылбек атаның есімі алысқа аңыз болып тарап кеткен. Аудан халқын 60 жылдық мерейтоймен және екі дүркін Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың 130 жылдық тойымен шын жүректен құттықтаймын. Аудан халқына жақсылық пен береке, қуаныш тілеймін!
Аудандық «Мойынқұм таңы» газетінің ұжымын да 60 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Дәуірмен үндесіп, қоғаммен бірге өсіп-өркендеген бұл басылым – қазақ баспасөзінің киелі қара шаңырақтарының бірі. Алпыс жыл ішінде газет өзінің айқын бағыты мен бай мазмұны арқылы өңір өмірінің шежіресіне айналып, ақпарат кеңістігінде лайықты орнын таба білді.
«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп Ахмет Байтұрсынұлы атап өткендей, басылым қаламгерлері осы ұлағатты сөзді темірқазық етіп, биік жауапкершілікті абыроймен арқалап келеді.
Ауданның айнасы, жаңалықтың жаршысы атанған газет ұжымына шынайы алғыс білдіре отырып, шығармашылық табыс, сарқылмас шабыт, қаламдарыңызға қуат, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілеймін!
Ұлағатты үнпарақтың бетінде ел сүйіншілеп оқитын жағымды жаңалықтар мен салмақты сараптамалар көбейе берсін!
Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ,
Жамбыл облысының әкімі.
Comments (0)
Add Comment