Жамбыл облысында ІІД қызметкерлері «Көкнәр-2018» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Тәтті-Аспара өткелінде 41 жастағы ер адамды қолға түсірді.
Тексеру барысында одан өзіне тән иісі бар, жасыл түсті өсімдік тектес зат табылып алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес ол жалпы салмағы 7 келі 740 грамм болатын кептірілмеген марихуана екендігі анықталды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.