Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Амангелді Әбдібековтен жиын-терін барысы туралы сұрағанымызда, ол: «Ауданда диқандардың ала жаздай төккен тері ақталсын деп, биыл тәтті түбірді жинауды ерте бастан бастап кеттік. Биыл балтамыр алқаптарының шығымы жақсы. Өнімділігі де жоғары. Кейбір алқаптарда өнім гектарына 500-550 центнерден айналуда. Қазір қызылшаның гектарға шаққандағы өнімділігін ескеріп, қант зауытына 11695 тонна балтамыр өткізуді жоспарлап отырмыз», – деді.