Юлий Путинцева Торонтода өтіп жатқан турнирде ширек финалға шықты

Әлемдік рейтингте 46-орында тұрған қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Торонтода өтіп жатқан WTA турнирінің 1/4 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

1/8 финалда ол әлемнің 35-ракеткасы Элисон Рискті екі сет бойынша 6:3 және 7:5 есебімен жеңді.

Кездесу 1 сағат 37 минутқа созылды. Ойын барысында Юлия екі екі еселенген қателік жасаған. Ал америкалық қарсыласының добы екі рет асып, үш рет екі еселенген қателік жасады.

Жартылай финалға өту үшін отандасымыз әлемнің жеткінші ракеткасы, америкалық Джессика Пегуланы жеңуі керек. Ойын 13 тамызда өтеді.

Айта келейік, Юлия Пуктинцева Торонтода өтіп жатқан турнирдің екінші айналымында сенсация жасап, инспаниялық Паула Бадосаны жеңген еді.

Comments (0)
Add Comment