Тұтынушылар құқықтары – басты назарда

2022 жылдың 1 жартыжылдығында Департаментке тұтынушылардан 182 өтініш шағым келіп түсті. Бұл 2021жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда 12,9%-ға төмен. Оның ішінде:

  • 79 өтініш толығымен қанағаттандырылды (46,7%): Тұтынушыларға 3964 220 теңге  қайтарылды және 28 тұтынушы сапасыз тауарларын айырбастап алды.
  • Департаментпен 91 тұтынушылардың өтініштері бойыншатүсіндірмелер берілді.
  • 4 өтініш басқа мемлекеттік органдарға өз құзыреті шегінде қарау үшін жолданды.
  • 2 өтініш орындалуда.
  • ӘПІК 63-бабы бойынша арызданушыларға 6 өтініш қайтарылды.
  • Осы кезкңде жоспардан тыс 4 ірі кәсіпкерлік субъектілеріне тексеріс жүргізілді, оның ішінде «Таразэнергоорталық» АҚ-на (Тексеру талаптарды толық қанағаттандыруына байланысты тоқтатылды), «Arena S» ЖШС (тексеру нәтижесінде 50 АЕК айыппұл салынды) және «Вкусная корзинка» ЖШС (тексеру нәтижесі жіберілген бұзушылықтарды жою туралы ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданылды).

          Сондай-ақ, шағын және микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты басқармамен субъектіге бармай-ақ 3 профилактикалық бақылау жұмысы жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс хаттар жолданды.

          Тұтынушылардың өтініші бойынша департамент 10-нан астам тұтынушылардың есептелген соммаларын қайта есептеуді және келісім-шарттарды одан әрі бұзу туралы, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша кызмет көрсететін «Медина» жеке кәсіпкерлігін, Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз берілді.

2022 жылдың 1-жартыжылдығында Департаментпен төмендегідей ақпараттық жұмыстары атқарылды:

  • Облыстық БАҚ-та тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы түрлі мәселелер бойынша 29 материал жарияланды.
  • Жамбыл облысы ТҚҚД-ның «Facebook» және «Instagram» ресми парақшасында 150 материал «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау құралдары» және «Сұрақ-жауап» айдарында жарияланды.
  • Департамент басшысы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулардың екінші пакеті тақырыбында облыстық «Jambyl» телеарнасына 2 сұхбат берді, сондай-ақ «Ar-Ai» газетіне 2 сұхбат берді.
  • «Antikor»алаңында «2022 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыс қорытындысы» тақырыбында брифинг өткізілді.
  • Дүниежүзілік тұтынушылар құқығын қорғау күніне орай Тараз қаласы қоғамдық бірлестіктермен дөңгелек үстел өткізілді.
  • Облысыстық «Жамбыл» радиосында бас маманның 2 тақырыптық сұхбаты ұйымдастырылды.
  • Тараз қаласы қоғамдық бірлестіктермен жұмыс бабында кездесулер өтті.
  • Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойнша Консультативтік комиссияның 2 жұмыс отырысы өткізілді.
  • Тараз қаласының автосалондарымен автокөлікті сату кезінде тұтынушыларға қосымша қызмет көрсетуді жүктеудің алдын алу мақсатында ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Әлеуметтік желілерде, құрылған YouTube арнасында және Тараз қаласындағы «Қазпошта» АҚ-ның барлық филиалдары және «Ескулап» және «Диал» медициналық орталықтарында күн сайын бағыттағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша бейнероликтер көрсетілуде.

Comments (0)
Add Comment