Трамп қатысқан іс-шарада атыс болды

Видеодан скриншот

Трамп қатысқан іс-шарада атыс болды: 26 сәуір 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Вашингтондағы Washington Hilton қонақүйінде, Ақ үй тілшілері қауымдастығы ұйымдастырған кешкі ас кезінде атыс болды. Іс-шараға АҚШ президенті Дональд Трамп қатысып отырған.

Алдын ала мәлімет бойынша оқ атқан адам жалғыз болған. 31 жастағы калифорниялық Коул Томас Аллен құпия қызмет агентін жаралаған. Өзі де жарақат алды, қазір ауруханада жатыр.

Кейін бұл жағдайға пікір білдірген Трамп өзінің президенттік қызметтегі жетістіктері көп адамға ұнамайтынын айтқан.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/280428-tramp-qatysqan-is-sarada-atys-boldy

Comments (0)
Add Comment