Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 30 желтоқсанында «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Осыған байланысты біздің тілшіміз аудандық кірістер басқармасының бастығы Нұрзат Егесіновке жолығып, аталған заң туралы толығырақ түсінік беруін сұранған еді.
— Нұрзат Тұрсынбекұлы, алдымен аудан тұрғындары өздерін банкрот деп танып, қарыздарынан құтылуы үшін нені білуі қажет? — Бұл заңның қабылдануы республика халқына жасалынып отырған жағдай, тіпті қамқорлықтың бірі деседе болады. «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заң қол қойылған күннен соң 60 күннен кейін күшіне енетін болады. Демек, қазақстандықтар, 2023 жылғы 3 наурыздан бастап өзін банкрот деп жариялау үшін өтініш бере алады. — Соттан тыс банкроттық қашан қолданылатыны туралы айта кетсеңіз? -Жеке тұлғаның банк, микроқаржы ұйымы және коллекторлық агенттік алдындағы қарызы 1600 АЕК-тен (2023 жылы-5 млн. 520 мың теңге) аспаған жағдайда соттан тыс банкроттық қолданылатын болады. Алайда төмендегі талаптар сақталуы тиіс: — Сот арқылы банкроттық қашан қолданысқа енетіні туралы да білсек? — Бұл рәсімді қарызының сомасы 1600 АЕК-тен асқан жеке тұлғалар қолдана алады. Сот арқылы банкроттық кезінде қарыз алушының мүлкі сатылады. Алайда несие берген ұйым азаматтың жалғыз баспанасын ол кепілде тұрған болса ғана алып қоя алады. Қазақстандықтар соттан тыс банкроттыққа «Электронды үкімет» арқылы өтініш бере алатынын да айта кетейін. Сот арқылы банкроттық рәсімін қаржы басқарушылары жүзеге асырады, олардың құрамына: — Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі қашан қолданылады? — Тұрақты кірісі бар азаматтар осы рәсімді қолданып, қарызын 5 жылға дейін бөліп төлеу мүмкіндігін иелене алады. Жалғыз шарт-қарыз көлемі борышкер мүлкінің құнынан аспауы тиіс. — «Банкрот болған адамдар» үшін мұның салдары қандай? -Соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдануға шешім қабылдаған борышкерлер мыналарды білгені дұрыс: — Банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі туралы толық консультацияны қайдан алуға болады? — Жеке тұлғаның банкроттығы тәртібі туралы анағұрлым толық ақпарат ҚР Қаржы министрлігінің және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурстарында жарияланады. — Әсерлі сұхбатыңызға рахмет! Сұхбаттасқан |