Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков шаһардағы бірқатар нысандарды аралады. Әуелі қала әкімі №6 аумақтық округінің тазалық жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда мұнда қатты желден кейін пайда болған күл-қоқыстарды, тал бұтақтарын тазалау жұмыстары жалғасуда. Округті аралаған шаһар басшысы тазалық жұмыстарына баса мән беру керектігін жеткізді.
– Тараз – облыс орталығының айнасы. Сондықтан оның тазалығына айрықша назар аударуымыз керек. Әсіресе, тұрғындармен бірлесіп аулалардың да айнадай жарқырауын естен шығармағанымыз жөн. Себебі күл-қоқыстан шығатын жағымсыз иіс тұрғындарға қолайсыздық тудырып ғана қоймай, экологияға да зор зиянын тигізеді. Бұл тұрғыда «Жасыл ел – Тараз» мекемесінің жұмысшылары мен техникаларын тартуымыз тиіс. Бұл барлық округке қатысты. Алдағы уақытта оларды да аралап, тазалық жұмыстарының барысымен жіті танысамын, – деді Бақытжан Әмірбекұлы.
«Строй Монтаж Group» ЖШС мердігерлігі жүргізіп жатқан сорғы станциясының құрылысы басында қазір жиырмаға жуық адам еңбек етуде.
Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы