Сотталғандар спорттық сайыста бақ сынады

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №25 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында спорттың бірнеше түрінен жарыс өтті. Спорттық шараны облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының мамандары ұйымдастырды.
Жарыс салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды. Қатысушылар спорттың шағын футбол, гір тасын көтеру, арқан тартысу, үстел теннисі және қол күрес секілді түрінен өздерін сынап көрді
Бас бостандығынан айырылған жаза мерзімін өтеуші азаматтарды жазасын өтей отыра түзелу жолына салу – бүгінгі күннің басты талабы. Бұл біраз күш-жігерді қажет ететін жауапты әрі қиын жұмыс. Жаза мерзімін өтеуші азаматтардың дене тәрбиесімен айналысуы, ой-өрісін психологиялық тәрбиелеумен қатар жүргізілетін әдістердің бірі. Себебі, еңбекпен тәрбиелеу секілді спортпен тәрбиелеуді қатар алып жүрудің де маңызы жоғары, – дейді мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұлов.

Саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған спорттық жарысқа мекеме жасақтарынан құралған командалар қатысып, жарыс көркін қыздырды. Сайыстқа аса белсенділікпен атсалысқан және турнирдің тартысты өтуіне үлес қосқан жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау қағаздарымен марапаттады.

Comments (0)
Add Comment