ШҚО-ның екі қаласында оқушылар қашықтан оқиды

Шығыс Қазақстан облысының Алтай және Риддер қалаларында кейбір сыныптарда сабақ тоқтатылды. Аяздың салдарынан мектеп оқушылары қашықтан оқиды деп хабарлады turkystan.kz.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Алтай қаласында 29 градус аязға байланысты бірінші ауысымның 1-4 сыныптары қашықтан оқытуға көшірілді.

Риддерде – 26 градус аяз. Бірінші ауысымның 1-9 сыныптары қашықтан білім алады.

Comments (0)
Add Comment