40 градус аптап ыстық және бұршақ: Қазақстанның қай өңірлерінде күн райы бұзылатыны белгілі болды

«Қазгидромет» РМК атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады деп болжап отыр. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, екпінді жел соғып, бұршақ түсуі мүмкін.

Синоптиктердің мәліметінше, мына өңірлерде қатты жаңбыр жауады:

  • 16 маусымда Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында;
  • 18 маусымда Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында.

Күндіз ауа температурасы еліміздің оңтүстік-батысында және оңтүстігінде +35…+40°С-қа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады.

«Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде де ауа температурасы +35…+38°С-қа дейін жоғарылап, қатты ыстық сақталады. Елдің қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді», – делінген хабарламада.

Фото: ЖИ арқылы жасалды/Google Gemini

 Azattyq Rýhy.

Comments (0)
Add Comment