Шетелге қашып кеткен: Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды

Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев сот үкімі шыққанға дейін Қазақстаннан кетіп қалған деп хабарлады turkystan.kz.

Жетісу облыстық соты судьясының айтуынша, Күдебаев 23 наурызда Бішкектен Стамбұлға ұшып кеткен.

Прокурор соттан Қаңтар оқиғасы кезіндегі әрекетсіздігі үшін айыпталып жатқан генерал Күдебаевтың ісін қарауды уақытша тоқтатып, оған халықаралық іздеу жариялауды сұрады.

Comments (0)
Add Comment