«Аудан орталығы Жаңатас қаласының жарқын болашағы үшін дауыс бердім. Келесі әкіммен бірге қаланы көркейтіп, жұмыс орындарын көптеп ашып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту ортақ міндетіміз.
Бұл жұмыс осыған дейін де жақсы жүргізілген, алда жоспарлар мен міндеттер бар. Мен өз азаматтық борышымды орындадым. Бүгінгі сайлау қаламыз үшін өте маңызды», – деді өз таңдауын жасаған әкім.