РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

1 мамыр күні аудан көлемінде ауа райының қолайсыздығына қарамастан кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шара өткізілді.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Д.Төлендіұлы қатысып, рейд жұмыстарының барысымен танысты.
Рейдке аудан әкімдігі, білім бөлімі, мектеп әкімшіліктері, жастар ресурстық орталығы және аудандық полиция бөлімі бірлесіп қатысты.
Рейд барысында жасөспірімдердің кешкі уақыттағы жүріс-тұрысы, қоғамдық орындарда заң талаптарының сақталуы, сондай-ақ ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысты жауапкершілігі түсіндірілді.
Іс-шараның басты мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Comments (0)
Add Comment