Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз

Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтары!
Синоптиктердің болжамына сәйкес алдағы 2-3 күнде Жамбыл облысында ауа температурасы +40°С-тан жоғары болады деп күтілуде.
Аптап ыстыққа байланысты тұрғындарды барынша сақ болып, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамыз.
Күннің ең ыстық уақытында (11:00–17:00) аса қажет болмаған жағдайда мүмкіндігінше сыртқа шықпауды, балалар мен қарттарды күн астында ұзақ уақыт қалдырмауды, су айдындарында шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтап, тек рұқсат етілген орындарда ғана шомылуды, жеке тұрғын үйлердегі бассейндер де балаларды бақылауда ұстауды, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз.
Қазіргі таңда өңірдегі жағдай тұрақты бақылауда.
Барлық коммуналдық қызметтер үздіксіз жұмыс істеуде.
Жедел медициналық жәрдем мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметі де күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз! Сақтық – қауіпсіздіктің кепілі.
Ербол Қарашөкеев , Жамбыл облысының әкімі
Comments (0)
Add Comment