Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде «Экономика және құқық әндер» циклдік әдістемелік кеңесінің ұйымдастыруымен еліміздегі отбасының беделін көтеру, мәдениеттілікті, неке және отбасылық құндылықтарды насихаттау, қоғамның гендерлік мәдениетін арттыру мақсатында «Бақытты отбасы — қоғам қазынасы» тақырыбында дөңгелек үстел жиынын өткізді. Жиынға «Анаға тағзым» орталығының психологы Марал Хантөреқызы қатысты.