Төбелескен қыздарға қатысты іс қозғалды

Оралда қыздар төбелесіне байланысты қылмыстық іс қозғалды.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше сағат 03.40 шамасында «Soha» кафесі маңында болған. Сол жерде бірнеше қыз төбелескен. Солардың біреуі полицияға жүгінген.

Ішкі істер органдары ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігіне сәйкес (бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

inform.kz

Comments (0)
Add Comment