“ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ”: ТАЗАЛЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСУДА

 Таласта республикалық акцияның “Өнегелі ұрпақ” апталығы аясында тазалық шаралары жүргізілді. Акцияға аудан әкім Нұрбол Жүнісбеков қатысты.
Аудан басшысы қазыналы қарттарымызбен, түрлі сала мамандарымен, қала тұрғындарымен, жастармен және еріктілермен бірге «Тамды әулие» өзенінің аумағын тазалады. Акция барысында шөп орып, тал-дарақтар бұталып, айналаны қоқыстан тазартты және ағаштар ақталды.
 Бұдан бөлек, экологиялық шара аясында спорт саласының мамандары «Орталық саябақта» тазалық жұмыстарын жүргізіп, шараға өз үлесін қосты.
 Жалпы “Өнегелі ұрпақ” апталығы аясында аудандағы барлық көмекке мұқтаж қарттарды қамту қарастырылған. Қариялардың үйіне барып, ауласын тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Талас ауданы
Comments (0)
Add Comment