Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін бұзуға қатысушы Азамат Батырбаев оны үтікпен азаптаған күш құрылымдарын анықтады. Бұл туралы оның адвокаты Бауыржан Азанов айтты.
«Азамат Батырбаев өзін азаптаушыларды анықтады», — деді Б.Азанов.
Айта кетейік, 31 қаңтарда Талдықорғандағы Назарбаев ескерткішін бұзу ісін арнайы прокурорлар тергеп жатқанын хабарлаған болатынбыз. Ақпанның 2-сі күні Бас прокуратура наразылық күндері Назарбаев ескерткішіне жүк көлігін айдап барып, мүсінді бұзуға көмектескен Азамат Батырбаевты үтікпен азаптады деген ақпараттан кейін қылмыстық іс қозғалғанын да білесіздер.