Түзеу мекемесінде жазасын өтеп, ақ пен қараны ажыратардай дәрежеге жетіп, қоғамға қайта бейімделіп шыққан азаматтар көп жағдайда қиын сәтте қолдау көрсетіп, тура жолға салған мекеме басшылығы мен қызметкерлеріне разылығын білдіріп жатады. Осындай жанның бірі – Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінде жазасын өтеп, жуырда ғана шартты түрде мерзімнен бұрын бостандыққа шыққан А. Севергин.
Мекемеден босатылуына байланысты ақ қағаз бетіне ақжарма тілегін жазып қалдырған ол мекемеде өткен уақыт аралығында моральдік тұрғыда демеу көрсетіп, өзінің жіберген қателіктерін түсінуге, өмірдің мәнін қайта ұғынуға сеп болған барша мекеме ұжымына алғысын жеткізді.