МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АУРУХАНАСЫ ТАШКЕНТТЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕГЕ ҚАТЫСУДА

21-23 қыркүйек аралығында ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы Ташкент қаласында (Өзбекстан) өтіп жатқан «UzMedExpo» 14-ші халықаралық медициналық көрмеге қатысуда.
«UzMedExpo» көрмесі – медициналық техника мен жабдықтардың, дәрі-дәрмектердің, заманауи шығын материалдарының, медицина саласындағы инновациялық тауарлар мен қызметтердің жаңа әзірлемелерімен таныстыруға арналған нысаналы алаң. Іс-шараға Қазақстан, Өзбекстан, Беларусь, Германия, Үндістан, Ресей, Түркия және Швейцария компаниялары қатысуда.
Халықаралық көрме өтетін 3 күнде компаниялар өз өнімдерінің мүмкіндіктері мен функциясы, оның ішінде дистрибьюторлар мен медициналық жабдықтарды өндірушілер – ірі әлемдік өндірушілердің серіктестері туралы ақпараттар ұсынып, алмаса алады.
«UzMedExpo» халықаралық көрмесі ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының қызметімен таныстыруға қосымша мүмкіндік туғызып, медициналық туризмді дамытуға да өз септігін тигізеді.

Comments (0)
Add Comment