Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссия өкілдері 2020 жылдың 11 ақпан күні сағат 12:07-де Жамбыл облысы Қордай ауданының Масанчи ауылында адамның күйген денесі табылғанын хабарлады. Мәйіт ауылдағы өрттен кейін шатыры құлаған сауда орталығы ғимаратын тазалау кезінде қираған үйінділердің астынан табылған. Бұл туралы хабар Полиция департаментінің кезекші бөліміне берілген.
«Қазіргі уақытта мәйіттің жеке басын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жедел іздестіру шаралары жүргізілуде» – дейді үкіметтік комиссия хабарламасында.