Өңірдегі түрлі сала қызметкерлерімен кездесуіміз бүгін аудандық Мәдениет үйінде жалғасын тапты.
Басқосуды ұйымдастырудағы басты мақсатымыз — сала мамандарының ішкі мәселесін білу, шығармашылық ұжымды толғандырған түрлі сауалдарға жауап беру болатын. Бейресми кездесуде мәдениет саласының қызметкерлері аталмыш бөлімнің материалдық-техникалық базасын күшейту, жергілікті халық театрына қолдау көрсету, мәдени қызметкерлердің штаттық бірлігін ұлғайтуға қатысты ұсыныс-тілектерін жеткізді.
Бұдан бөлек, аудандағы кітапханалар жүйесін цифрландыру, кітапхана ғимараттарын табиғи газға қосу сынды ұсыныстар да айтылды. Кездесуде көтерілген мәселелердің барлығы назарға алынды. Ендігі кезекте оларды рет-ретімен шешудің жолдары қарастырылатын болады.
Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі