Құрметті Тараз қаласының тұрғындары және қала қонақтары!

Сіздерді 2018 жылдың 27 қазанында «Қала күніне» орай ұйымдастырылатын мерекелік іс-шараларды тамашалауға шақырамыз!

— сағат 9.30-дан бастап  темір жол скверінде «Тараз» стеласының ашылуы;

— Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақта Қайрат Рысқұлбеков ескерткішінің, «Тәуелсіздік ұшқыны» аллеясының, «Ғибрат» орталығының ашылу рәсімдері;

— «Желтоқсан» скверінде «Желтоқсан толқыны» субұрқағының ашылуы;

— Б. Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында тыл еңбеккерлеріне, Чернобыль атом электр стансасының зардабын жоюға қатысушыларға, Ауғанстан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштердің ашылу рәсімдері;

— «Үшбұлақ» демалыс орнының ашылу рәсімі;

— орталық «Достық» алаңында «Тараз – менің сүйікті қалам!» атты мәдени көпшілік іс-шара, мерекелік отшашу;

Аталған іс-шараларға Қазақстан эстрада жұлдыздары Досымжан Таңатаров, Саят Медеуов, Қуандық Рахым, Арай Серікхан және «OXFORDS live band»  вокалды-инструменталдық ансамблі қатысады.

Келіңіздер, көріңіздер!

Тараз қаласының әкімдігі

 

Comments (0)
Add Comment