Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ «Жастар ресурстық орталығы» КММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысымен «Жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізу» жобасы аясында «Құқық бұзушылықты алдын алу – басты міндетіміз» атты кездесу ұйымдастырылды. Қонақ ретінде Жамбыл облысы Полиция департаменті Жедел криминалистика басқармасының аға инспекторы Сыдықов Асхат Құрманғалиұлы келіп, такырыптық лекциясын оқып, жастармен сұхбаттасты.
Кездесуде жастар арасындағы қылмыс көп болатыны, көп кездерде жастар қылмысқа абайсызда баратындығы айтылды. Спикер өз сөзінде жасөспірімдер арасында кең тараған құқық бұзушылықтар мен әкімшілік жауапкершілік шаралары туралы айтты. Сонымен қатар, бүгінгі таңда жастардың көпшілігі өздерінің заңға қарсы әрекеттерінің ауыр немесе түзетуге қиын салдарын түсінбейтінін атап өтті. Іс-шара соңында оқушыларға төтенше жағдайлар кезінде, атап айтқанда өрт кезінде өзін-өзі ұстау ережелері бойынша нұсқаулық өткізілді.
Мақсаты:
— Жастар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
— Жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Қатысушылар: Жамбыл облысы Полиция департаменті Жедел криминалистика басқармасының аға инспекторы Сыдықов Асхат Құрманғалиұлы, волонтер студенттер. Жалпы іс-шараға 25 адам қамтылды.