Қуат Хамитов алдағы жекпе-жегінің қайда өтетіндігін айтты

Аралас жекпе-жектің сайыпқыраны қазақстандық Қуат Хамитов (18-6-1) өзінің таяу уақыттағы жоспарымен бөлісті.

Хамитов Instagram-да 27 желтоқсанда  Fight Nights Global  турниріне қатысатындығын жазды. Әзірге оның қарсыласы белгісіз. Бұл жарыста ресейлік Роман Копылов (6-0) пен швейцариялық Ясубей Эномото (18-10) орта салмақтағы чемпиондық титулға таласады. Атап өтсек, Қуат бір жылдан бері ешкіммен кездескен жоқ. Ол соңғы жекпе-жегін 2017 жылы ирландық Питер Куиллимен (10-4-1) өткізген еді. Ол жолы төрешілердің басым даусымен жеңіске жеткен болатын. Бірақ Кулиллидің командасы апелляцияға беріп, тәуелсіз комиссия ұпай санын қайта есептеп, айқасты тең өтті деп өзгертті.

inform.kz

Comments (0)
Add Comment