КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

Жұмыс жоспарына сәйкес аудан басшысы Бақытжан Оразалыұлы кезекті рет жеке қоғамдық қабылдау өткізді. Аудан әкімінің қабылдауына жазылған жандардың өтініш-тілектері тыңдалды. Қазіргі кезде өңір тұрғындарымен барынша жиі кездесіп, көкейде жүрген сауалдарға жауап беру дәстүрге айналды.
Дәл осындай қоғамдық қабылдаулар ауылдық жерлердегі түйіткілдердің қордаланбауына септігін тигізері анық. Кездесуге келгендердің ішінде тұрғын үй жағдайына, жұмыспен қамтуға, сонымен қатар, қалаға қатысты баршаға ортақ мәселелерді көтергендер де бар.
Одан бөлек, жеке мәселелерімен келген көпбалалы аналар мен зейнеткерлер де болды. Қоғамдық қабылдауда көтерілген сауалдардың бірқатарына нақты жауап беріліп, сол мезетте шешімін тапса, енді бірі алдағы жұмыс жоспарына енгізілді. Ал бір бөлігі зерделеніп, заң шеңберінде қаралатын болады.
Шу ауданы
Comments (0)
Add Comment