ҚАЖ қызметкерлері қыстық киім үлгісіне көшті

Бүгін Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінде жеке құрам қызметкерлерінің қысқы киім үлгісіне ауысу рәсіміне арналған саптық байқау өтті. Оның мақсаты – қысқы киім нысанына көшу, саптық дағдыны жетілдіру, саптық командаларды орындау кезінде реттілікті, сондай-ақ қатардағы және басшы құрамының нысандық киім үлгісін қатаң ұстануын қамтамасыз ету.

Саптық байқау барысында қызметкерлердің сыртқы түр-сипаты, үлгілік киімі, қызметтік куәліктерінің, айырым белгілерінің талаптарға сай болуы тексерілді. Сондай-ақ, ҚАЖ қызметкерлерінің ұқыптылығы мен жинақылығы, киімінің мұнтаздай тазалығы басты назарға алынды.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Comments (0)
Add Comment